«ПЕТРОЛАЙН-А» ҒӨК ЖШС - МҰНАЙ ӨНДІРУ ӨНЕРКӘСІБІ ҮШІН ЖАБДЫҚТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ БОЙЫНША 20-ЖЫЛДЫҚ ТӘЖІРИБЕСІМЕН IT-КОМПАНИЯ
«Петролайн-А» ЖШҚ – 20 жылдық тәжірибесі бар, мұнай өндіру саласына арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтар өндіруде маманданған халықаралық, қарқынды дамып келе жатқан IT-компания.
Әлемдік прогресс пен жаңа технологияларға сүйене отырып, нарық сұраныстарын және тапсырыс берушілердің тілектерін ескере отырып, «Петролайн-А» компаниясы инновациялық әзірлемелер мен енгізулерге маманданған:
∙ бұрғылау мен ұңғымаларды жөндеу параметрлерін бақылау жүйесі «ДЭЛ-150»;
∙ бейнетіркеу жүйесі «ДЭЛ-150(В)»;
∙ жанармай шығынын бақылау жүйесі «Пульсар»;
∙ бұрау моментін бақылау жүйесі «ДЭЛ-150»;
∙ ерітінді параметрлерін бақылау жүйесі «ДЭЛ-150».
«Петролайн-А» өнімдері өндірістік процестерді оңтайландырады және персоналдың жарақат алуын болдырмайды, экологиялық стандарттардың сақталуын қамтамасыз етеді және жарылыс қаупі бар ортада жұмыс істеу талаптарына сәйкес келеді. Компанияның өнімдері Ресей, Қазақстан және басқа да жақын және алыс шетелдерде табысты қолданылады.