«Теңізшевройл» ЖШС компаниясының семинары
Сіздерді 3 сәуір күні сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін «Қазақстандық қамтуды дамыту және ТШО тендерлік процесінің ерекшеліктері» семинарына қатысуға шақырамыз.
Жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін тауарлар мен қызметтердің қазақстандық нарығын тұрақты дамыту «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) даму стратегиясының негізі болып табылады және Қазақстан экономикасы үшін айтарлықтай пайда әкеледі. Қазақстандық жеткізушілердің дамуына ықпал ету мақсатында ТШО өкілдері бірнеше тақырыпты қамтитын семинар өткізеді.
«Жеткізушілердің қызығушылығын білдіру» (SEOI – Supplier Expression of Interest) жүйесінде тіркеуден бастап және тендерге қатысумен аяқтай отырып, ТШО жеткізушісі болу процесі кезең-кезеңімен талданатын болады. Семинарға қатысушылар ТШО-ның сатып алу жоспарларының мерзімдері туралы ғана емес, тендерлерге қатысу ережелері, әлеуетті өнім берушілер мен бизнес-серіктестерге қойылатын талаптар туралы, сондай-ақ ТШО қазақстандық компанияларды дамыту бағдарламасына қатысу үшін компанияларды қалай іріктейтіні және жергілікті компанияларды дамытудың негізгі кезеңдері туралы біле алады. Компания мамандары тендерлік өтінім беру бойынша ұсыныстар жасап, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
Айта кететін ақпарат, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана ТШО қазақстандық өндірушілердің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алуға шамамен 1,5 миллиард АҚШ долларын, оның ішінде Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) аясында 760 миллион АҚШ долларынан астам көлемде ақша жұмсады. Оның ішінде тауарларды сатып алудың үлкен үлесі құрылыс материалдарына, қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге арналған тауарларға, дизель, химикаттарға, контейнерлер мен орау материалдарына және т.б. тиесілі. Жалпы 1993 жылдан бері ТШО 49,2 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алды.
Спикерлер:
Лұкманов Олжас Ермұратұлы - Қазақстандық қамту бөлімінің ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу тобының жетекшісі
«Жеткізушілердің қызығушылық білдіруі (SEOI) және ТШО-ның келісімшарт және сатып алу жоспары»
Табанов Арман Асқарұлы - Қазақстандық қамту бөлімінің Техникалық консультант
«ТШО-ның жергілікті жеткізушілердің алдын ала біліктілік іріктеу процесі»
Болысова, Балкенже Жумабеккызы - Келісімшарт жөніндегі бөлім жетекшісі, Келісім-шарттар және стратегиялық сатып алулар МТЖБ
«ТШО-ның тендер өткізу тәртібіне шолу»
Инебаева Гаухар Русланқызы - Қазақстандық қамту бөлімінің маманы
KC Specialist «ТШО-да қазақстандық қамтуды дамыту»
Сіздерді 3 сәуірде сағат 10:00 – ден 11:00-ге дейін күтеміз!
Өтетін орны: Атырау қаласы, Көрме орталығы, Әбілқайыр хан даңғылы, 79