«BEIERTON» ЖШС – ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНДА ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАРДЫ ЖЕТКІЗУШІ

«Beierton» ЖШС компаниясы Қазақстан Республикасында 2011 жылы энергетика саласында қолдануға арналған жабдықтарды өндіруші зауыттардан тікелей жеткізуді жүзеге асыру мақсатында тіркелген. Біздің компания келесі брендтердің дистрибьюторы болып табылады:

DKC (Диэлектрлік кабельдік жүйелер) – өндіріс Ресей-Италия;

OBO Bettermann – өндіріс Германия-Венгрия;

EAE Elektrik – өндіріс Түркия;
Schirtec AG – өндіріс Австрия.
Жеткізілетін тауарлар тізіміне мыналар кіреді:
1. Үздіксіз қуат көздері;
2. Қалқандық жабдықтар;
3. Құрғақ типті трансформаторлар;
4. Сендзимир әдісімен 20 микронға дейін мырыш жабыны бар және ыстық мырыштау әдісімен 45-тен 120 микронға дейін мырышталған металл сымнан жасалған, перфорацияланған, тұтас, сатылы кабельдік науалар және оларға арналған аксессуарлар;
5. AISI304, AISI316 тот баспайтын болаттан жасалған кабельдік науалар;
6. Әртүрлі агрессивті ортаға арналған шыныпластик талшықтан жасалған кабельдік науалар;
7. Үлкен аралықтар мен жоғары жүктемелерге арналған кабельдік эстакадалар;
8. Пассивті найзағайдан қорғау және жерге тұйықтау;
9. Белсенді найзағайдан қорғау;
10. Гофрленген құбырлар және металл жеңдер, оларға арналған жиынтықтаушы бөлшектер;
11. 35 кВ дейінгі екіқабатты гофрленген құбырлар;
12. 0.4 кВ магистральдық және тарату шинасымдар, 400А-дан 6300А-ға дейінгі токтарға арналған, алюминий және мыс өткізгіштері бар, қорғаныс дәрежесі IP55, IP65, IP68;
13. 12 кВ және 17.5 кВ ток өткізгіштері, 950А-дан 5700А-ға дейінгі токтарға арналған, құйма оқшаулауда, IP68;
14. Қозғалмалы жүйелерге арналған троллейлік шинасымдар;
15. Өнеркәсіптік объектілерге арналған LED жарықтандыру, жарылысқа төзімді, сыртқы, кеңсе-әкімшілік.