KROHNE CA – ӨНЕРКӘСІПТІК ПРОЦЕСТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫ

KROHNE1

KROHNE – 100 жылдан астам тарихы бар халықаралық компания және өнеркәсіптік процестерге арналған бақылау-өлшеу аспаптарын әзірлеу мен өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Германияда негізі қаланған компания бүгінде әлемнің 100-ден астам елінде ұсынылған және шығынды, деңгейді, қысымды өлшеуге арналған толық шешімдер спектрін, сондай-ақ аналитикалық жүйелер мен технологиялық процестерді автоматтандыруға арналған кешенді шешімдерді ұсынады.

KROHNE компаниясының мұнай-газ саласына арналған шешімдері

Мұнай мен газ шығынын өлшеу
Біз технологиялық және коммерциялық есепке алу үшін кориолистік, ультрадыбыстық, құйындық және электромагниттік шығын өлшегіштерді ұсынамыз. Біздің жүйелер өлшеудің жоғары дәлдігін, жұмыстың тұрақтылығын және халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Коммерциялық есепке алу (Custody Transfer)
Өнімнің шығынын, тығыздығын және сапасын өлшеуді, ТП БАЖ жүйесіне интеграцияны және метрологиялық сүйемелдеуді қамтитын толығымен дайын кешенді есепке алу тораптары.

Деңгейді, қысымды және температураны өлшеу
Радарлық деңгей өлшегіштер, қысым түрлендіргіштері және резервуар парктеріне, құбыржолдарға және технологиялық қондырғыларға арналған температуралық шешімдер. Жабдық жарылыс қаупі бар аймақтарда пайдалануға сертификатталған.
Аналитикалық шешімдер
Мұнай мен газдың құрамы мен сапасын бақылауға арналған жүйелер, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға және өндірістік тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

Инжиниринг және сервис
KROHNE жабдықты таңдаудан және инженерлік жобалаудан бастап, шеф-монтажға, іске қосу-реттеу жұмыстарына және сервистік қызмет көрсетуге дейін толық қолдау циклін қамтамасыз етеді. Біз ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа және күрделі пайдалану жағдайларында жабдықтың сенімді жұмыс істеуіне бағытталғанбыз.

Сіздерді Atyrau Oil&Gas көрмесінде қарсы алуға, ағымдағы жобаларды талқылауға және өндірістік процестеріңіздің дәлдігін, қауіпсіздігін және тиімділігін арттыруға арналған тиімді шешімдерді ұсынуға қуаныштымыз.

 KROHNE2     KROHNE3