22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79
22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79

ATYRAU OIL&GAS 2025

«АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» 22-ШІ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ ӨҢІРЛІК КӨРМЕСІ

Өткізу орны: Көрме орталығы, Әбілқайыр хан даңғ. 79

Atyrau Oil&Gas – ғаламдық индустрияның өңірлік оқиғасы! Бұл тұтас Еліміздің мұнай-газ саласы мен экономикасы ауқымындағы негізгі және стратегиялық маңызды болып табылатын өңірдегі, Атырау облысындағы жалғыз және баламасы жоқ іс-шара.


ATYRAU OIL&GAS ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСУ СЕБЕПТЕРІ

  • Қазақстанның негізгі кен орындары Атырау облысының аумағында орналасқан:

    - Қашаған кен орны Қазақстан Республикасының аумақтық суларында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан және шамамен 75 км х 45 км аумағын алады. Кен орнындағы мұнайдың геологиялық қорлары шамамен мұнайдың 4,5 миллиард тоннасына бағаланады.

    - Теңіз кен орны - Қазақстанның Атырау облысында, Атырау қ. оңтүстік-шығысынан 350 км қашықтықта орналасқан. Бұл әлемдегі ең терең мұнай кен орны - жоғары мұнайлы коллекторы шамамен 4000 метр немесе 13000 фут тереңдікте жататын супергигант.

  • Атырау қ. - Қазақстанның «Мұнай астанасы», мемлекеттердің 18 мұнай астанасы кіретін Дүниежүзілік энергетикалық қалалар серіктестігінің мүшесі (WECP, The World Energy Cities Partnership).
  • Атырау облысында Республикамыздың өнеркәсіптік өндірісі көлеміндегі үлесі шамамен 24% құрайтын және соның ішінде 30%-дан астамы шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылатын 600-ден астам орта және ірі кәсіпорын жұмыс істейді

  • 2015 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,4 триллион теңгені, оның ішінде сыртқы инвестициялар 847 миллиард теңгені құрады.