«АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» СОЛТҮСТІК КАСПИЙ ӨҢІРЛІК КӨРМЕСІ

Қолдау хаттар 2020

kazenergy

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы атынан, 2020 жылғы 8-10 сәуір арасында Атырау қаласында өтетін алдағы 19-шы “Атырау мұнай және газ”-2020 Солтүстік-Каспий Аймақтық көрмесінің ұйымдастырушылары мен қатысушыларына өзімнің қошеметімді және құрметімді білдіруге рұқсат етіңіздер.

Қазіргі таңда, соның ішінде энергетика саласының алдында, маңызды – реформалардың бірі “Қуатты аймақтар – қуатты Ел” болып табылатын, Бес институционалдық реформаны және Ұлт жоспарын сапалы жүзеге асыру міндеті тұр.

Атырау аймағы – Республикадағы ең ірі кен орындармен және саланың маңызды компанияларымен, мұнай және газ өнеркәсібінің жүрегі болып табылатын Қазақстанның стратегиялық индустриялық орталығы. Дәл сол себепті мемлекет, бизнес және қоғамдастық тарапынан Атырау аймағына ерекше көңіл бөлінуде.

Саланың маңызды драйвері ретінде цифрлық технологияларды дамыту, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, ресурстық менталитеттен бас тарту және экономиканы әртараптандыру, жоғары өнімділікті орта бизнесті қолдау –бүгін Аймақ алдында тұрған басымдықты мақсаттар мен міндеттер.

Міне, жиырма жылға жуық “Атырау мұнай және газ” көрмесі түріндегі кәсіби алаң жыл сайын мемлекет, бизнес және ғылым арасындағы диалог пен кездесуге арналған орын болып келеді. Жыл сайын Қазақстан, Ресей, Австрия, Әзербайжан, Британия, Италия және басқа да мемлекеттерден келген 100-ден астам компания көрмеде, тек қана ішкі емес, сол сияқты шетелдік нарықтарда да сұранысқа ие, заманауи технологиялар мен әзірлемелер, қызметтер, сапалы өнеркәсіптік бұйымдарды ұсынуда.

KAZENERGY Қауымдастығы бұл оқиғаны қолдайды және барлық қызығушылық танытқандарға белсенді қатысуларын ұсынады, себебі “Атырау Мұнай және Газ” бүгінгі күні Атырау аймағының мұнай және газ саласындағы басты көрмелік оқиғаларының бірі болып табылады.

Барлық қатысушыларға алдағы “Атырау Мұнай және Газ” көрмесінде жемісті және табысты жұмыс тілейміз!

KAZENERGY Қауымдастығы
Бас директоры

Акчулаков Б.У.


KazServices

Құрметті әріптестер!

Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы (KazService) атынан «Атырау мұнай және газ 2020» 19-шы Солтүстік Каспийлік өңірлік көрменің барлық қатысушыларына және қонақтарына қош келдіңіздер деймін.

Жылда «Атырау мұнай және газ» көрмесінің қатысушылары тек жақсы пікір қалдыруда. Бұл өңірлік іс-шара Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласының дәл жүрегінде өтіп жатыр. Атырау облысында негізгі тапсырыс берушілер – «Теңізшевройл» мен «Норт Каспиан Оперэйтинг Компани» тәрізді ірі операторлар, сонымен бірге ірі мердігерлер шоғырланған, Одақ мүшелерінің 80% артығы осында жұмыс жасайды.

«Атырау мұнай және газ» көрмесінде оператор компаниялардың техникалық инженерлерін кездестіруге болады. Оларға Өзіңіздің компанияңыздың мүмкіндіктерін көрсетіп, белгілі бір тендерге алдын-ала іріктеуге дайындықты бастауға мүмкіндік беретін іс-шара. Тәжірибе көрсеткендей, көрмеге қатысқаннан кейін компаниялар тапсырыс берушілермен тығыз қарым-қатынас орнатуда.

Барлық қатысушыларды көрменің өтетін үш күнінде де белсенділік танытуға шақыра отырып, кездесулерге дайын әрі ашық екенімізді хабарлаймыз.

Рашид Жақсылықов

Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағының (KazService)
Төралқа төрағасы