22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79
22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79

«ATYRAU OIL & GAS 2023» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ ҚАРСАҢЫНДА СІЗДЕРДІҢ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА КӨРМЕНІҢ СЕРІКТЕСІ - «НОВУС БОЛАШАҚ» КОМПАНИЯСЫМЕН ОНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ ПИТЕР ЛИОН АБСАЛОМ ТҰЛҒАСЫМЕН СҰХБАТТЫ ҰСЫНАМЫЗ.

1) Сіздің компанияңыз Солтүстік Каспий өңірлік «Мұнай және газ» көрмесіне алғаш рет қатысуда. Осындай жоғары мамандандырылған экспо-іс-шараларды ұйымдастыру саланың дамуына ықпал етеді деп ойлайсыз ба? Өз пікіріңізбен бөлісіңізші.

Ең алдымен, осы 20-шы мерейтойлық көрме мен Атырау қаласында КИОГЕ конференциясын ұйымдастырғаны үшін бүкіл ITECA командасына алғыс білдіруден бастайын. Менің компаниям үшін бұл Атырау қаласындағы алғашқы КИОГЕ болса да, мен 1990-шы жылдардың басында Алматыда өткен алғашқы бес-алты КИОГЕ-нің, сондай-ақ қыркүйек айының соңында орын алған өткен жылғы Covid-тен кейінгі 28-ші мерейтойлық «оралу» іс-шарасының белсенді қатысушысы болдым деп айта аламын. Құдайым ау, осы 20 жылдан астам уақыт қаншалықты тез зымырап өтті! Менің тәжірибеме сүйенсек, мен қатысқан әрбір КИОГЕ көрмесі өте мазмұнды болды және ҚР-ның өте қызықты мұнай-газ секторында өз тауарларын көрсетуге тырысқан барлық негізгі иелерін, жобалау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және құрылыс мердігерлерін және мамандандырылған сервистік ұйымдарды көрсетті..

2) Сіздің компанияңыздың негізгі бағыттары қандай?

«Новус Болашақ» бірлескен кәсіпорны 2016 жылы құрылды. Бұл 100% қазақстандық компания. Оның құрамына «Новус Техникал Сервисез Қазақстан» ЖШС-гі мен «Болашақ-Атырау» ЖШС-гі кіреді. Компания Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін мамандандырылған шешімдер ұсынады. Ол, қазақстандық компаниялар үшін жұмыс күшін ұсыну бойынша қызметтерге (кадрларды іріктеу, оқыту және жұмылдыру жөніндегі барлық қызметтерді қоса алғанда) байланысты «Болашақ» компаниясының нарық көшбасшысы ретіндегі 22 жылдан астам тәжірибесін және «Новус» компаниясының халықаралық тәжірибесі мен техникалық артықшылықтарын жүйелерді аяқтау, пайдалануға беру, іске қосу, сондай-ақ бизнестің әртүрлі секторларында пайдалану және техникалық қызмет көрсету үшін тәжірибесін біріктіреді. Қазірде «Новус Болашак» компаниясы ККЖ жобасы бойынша «Теңізшевройл» ЖШС-нің белсенді бизнес-серіктесі болып табылады. «Новус Болашак» компаниясында 4500-ден астам адам Теңіз кен орнында, 150 адам Атырау қаласындағы кеңседе қызмет атқаруда. Бүгінгі таңда компания жұмыс уақытын жоғалтпай 10 миллион адам-сағат жұмыс жасап келіп отыр.

3) Бүгінгі күнде Сіздің компанияңыз Теңіздегі Келешек өсу жобасында ҮБЗ жүйелерін аяқтау және пайдалануға беру бойынша жұмыстарды орындауда. Осы мұнай-газ жобасына қатысты Сіздің болжамыңыз қандай?

Мен Қазақстанға 1992 жылы алғаш рет келгенімде Теңізшевройл әлі құрылған жоқ тұғын. Өткен 31 жыл ішінде мен Теңіздің орасан зор ілгерілеуі мен дамуына өз көзіммен куә болдым. Бүгін мен ККЖ-ҰЕҚБ бағдарламасына қатысамын. Мен әлемнің кез келген жерінде жүйелерді аяқтау және іске қосу жұмысының ең үлкен көлемі болып табылатын ҮБЗ-да жұмыс істеймін. Осы соңғы кезең өндіріске енгенде, Теңіз жобасы тәулігіне 1 миллион баррельге жуық мұнай өндіру мүмкіндігіне ие болады. Сандарға қалай қарасыңызда, бұл жоба мега-, тіпті әлемдік деңгейдегі гига-жоба болып келеді. Сондықтан, тұрақтылық негізгі фактор болып табылады. Жер қабат қысымын сақтау, қондырғылар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету осы активтің одан әрі табысқа жетуі үшін өте қажет.

«Новус Болашақ» компаниясы Қазақстанда байсалды және ұзақ уақыт жұмыс істеуге келді. Бірлескен кәсіпорын өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіне өте байыпты қарайды. Соңғы жылдары БК Атырауда да, Құлсарда да кейбір көрнекті әлеуметтік бағдарламаларға үлес қосты, соның ішінде балалар үйлеріне демеушілік көмек, университеттегі студенттерге демеушілік көмек және т. б. Менің сұрағым – ҚР-ның «Транспэрэнси интернэшнл» (ескертпесі: Берлинде штаб-пәтері бар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі халықаралық ұйым) талаптарын қалай орындап жатыр және үкімет өзінің әлемдегі имиджін жақсарту мақсатында шетелдік компаниялардың аймақтық деңгейде де, жергілікті деңгейде де әкімшілікке сенім артып, осы керемет елге инвестиция салуын жалғастыру үшін осындай қайырымдылық қорларына берілген барлық қаражат дұрыс бөлінуіне кепілдік беретіндей қандай шараларды қолданып жатыр?