22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79
22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79

МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНЫҢ КӘСІПҚОЙЛАРЫ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» 2022 ӨҢІРЛІК КӨРМЕСІНДЕ ОФЛАЙН ТҮРДЕ КЕЗДЕСЕДІ

2022 жылдың сәуір айында Атырау дәстүрлі түрде мұнай-газ және құрылыс индустриясы мамандарының кездесу орнына айналады. 6-8 сәуір аралығында Абай орталығында ірі салалық экспо-оқиғалар өтеді: 19-шы Солтүстік Каспий аймақтық «Атырау Мұнай және Газ 2022» және «Атырау Билд 2022» көрмелері.

Соңғы бірнеше жыл ішінде құрылыс және мұнай-газ индустриялары Батыс Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің аумағында жыл сайынғы өсу мен қарқынды дамуды көрсетіп отыр, бұл бейіндік көрмелерді өткізудің маңыздылығын және ел экономикасының дамуына қосқан елеулі үлесін көрсетеді. Мәселен, 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың Кешенді жоспарына сәйкес ҚР батыс өңірлеріне 13 трлн теңге жеке инвестициялар тарту және 175 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Кешенді жоспарларды іске асыру Батыс өңірлер экономикасының өсу қарқынын өсіруге, жеке инвестициялар ағынына серпін беруге және жақын болашақта мұнай-газ және құрылыс салаларының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ҚР Энергетика министрлігі мұнай өндіруді 2021 жылғы 85,7 млн тоннадан 2022 жылы 87,5 млн тоннаға дейін арттыру бойынша өршіл жоспарларды алға қойып отыр. Ағымдағы жылы газ өндіру көлемі 54 млрд м3, тауарлық газ өндірісі 29,4 млрд м3, газ экспортының көлемі 7,7 млрд м3, ал сұйытылған газ өндірісі 3,1 млн тонна деңгейінде болады деп күтілудеҚарашығанақ, Қашаған және теңіз объектілерінде жобаларды іске асыру, сондай-ақ жаңа перспективалы кен орындарын уақтылы пайдалануға беру шикі газ өндіруді 2030 жылға қарай 87,1 млрд м3 дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сөз жоқ, мұнай-газ секторы компанияларының, мемлекеттік аппарат пен салалық бірлестіктер өкілдерінің офлайн форматта кездесу және тиімді нетворкингті қолдау үшін бірқатар өзекті тақырыптары бар.

Табысты жұмысының 18 жылы ішінде «Атырау Мұнай және Газ» көрмесі Мұнай және газ өндіру саласында, мұнай-газ жабдықтарын өндіру және инфрақұрылымды дамыту саласында жаңа әріптестік жобаларды іздестіру, осындай келіссөздер жүргізу үшін тиімді алаң ретінде өзін танытты.

Бүгінгі таңда 2022 жылғы экспозицияға Беларусь, Қазақстан, Ресей және АҚШ-тың 47 компаниясы қатысатынын растады. Олар өндіруші мұнай-газ компаниялары, мұнай мен газды барлау және өндіру жөніндегі ұйымдар, мұнай-газ жабдықтарын, жеке және өнеркәсіптік қорғау құралдарын өндірушілер, Автоматтандыру және БӨП «Теңізшевройл» ЖШС, «KROHNE Kazakhstan» ЖШС, «ТаѕСом Supply & Services» ЖШС, «Флюид-Лайн» ЖШҚ, Гейтуэй ВЕНЧЕРС (СИ.Э) ЛТД, «ЕрБах» ЖШС, «ЗАВОД ГОРЭЛТЕХ» ЖШС, «СМД Компания» ЖШҚ, SWAGELOK KAZAKHSTAN және басқалар. Алғаш рет экспоненттер қатарында «Alimay» ЖШС, «ALMATY CONSOLIDATION CENTER» ЖШС, «Caspian Radio Services» ЖШС, «GMS - Global Maritime Solutions» ЖШС, «GROUP KZ» ЖШС, «NEO CHEMICAL VOSTOK» ЖШС, «Norsec Delta Projects» ЖШС, «SAFETY SYSTEMS» ЖШС, «SAVOIR FAIRE ГК» ЖШС, «Аггреко ҚазаҚстан» ЖШС, «Агран» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, "Инженерлік-техникалық орталық» филиалы, «Крафт Спедишн» ЖШС, «Энергожүйелер ЭЛТО» ЖШС, Sponge-Jet, Inc., «Уралтрубодеталь завод» ЖШҚ, «СТМ СИСТЕМС» ЖШҚ, «Ханиуэлл - Автоматты басқару жүйесі» ЖШС, «ПЕРГАМ-Қазақстан» ЖШС, «ЛИНКМАСТЕР Қазақстан» ЖШС, «PCA Group» ЖШС, «HYTORC Kazakhstan» ЖШС, «Brucke Energy» ЖШС компаниялары қатысады.

Өткен көрмеге әлемнің 11 елінен 95 компания қатысты, әлемнің түкпір-түкпірінен 1 864 бейінді маман көрме алаңына барып, экспозиция алаңы 30% - ға ұлғайды.
«Атырау Мұнай және Газ 2022» - жай ғана көрме емес, бұл мұнай-газ индустриясының кәсіпқойларын біріктіретін, саладағы үрдістерді қадағалауға көмектесетін және соңғы инновациялармен таныстыратын, сату көлемін ұлғайтуға ықпал ететін және мұнай-газ жабдығын өткізу географиясын кеңейтетін алаң.

«Атырау Мұнай және Газ» және «Атырау Билд» көрмелерінің ресми бөлігімен қатар іскерлік бағдарлама шеңберінде мұнай-газ индустриясының негізгі үрдістерін және саланың өзекті мәселелерін жария етуге және зерттеуге бағытталған нарықтың негізгі ойыншыларынан семинарлар өткізу болжанып отыр. Өзінің демонстрациялық семинарларын Rosen Europe B. V. компаниясы өткізеді.

«Атырау Мұнай және Газ 2022»" көрмесінің бас серіктесі - Теңізшевройл компаниясы. Алтын серiктесi - Каспий Құбыр Консорциуымы. Оқиғаның Техникалық серіктесі - AYACOM.

Оқиғаларға Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Атырау облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай – газ және энергетика кешені ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, KAZSERVICE сервистік компаниялар одағы, мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестіктерді дамыту одағы - PETROCOUNCIL.KZ, Қазақстан мұнайшылар мен геологтар қоғамы (ҚМГҚ).

Іс-шараның ұйымдастырушысы Iteca Қазақстандық көрме компаниясы болып табылады.