22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79
22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КҚК ҚОЛДАУЫМЕН ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

6 сәуірде сағат 16:15-те "Атырау Мұнай және Газ 2022" көрмесінің семинар бөлмесінде Каспий Құбыр Консорциумы мен "National Geographic Qazaqstan" журналының редакциясының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді, онда жаңа қайырымдылық білім беру жобасы таныстырылады.

NV0A6965 1

Баспасөз конференциясына ҚР-дағы Каспий Құбыр Консорциумының PR-маманы Айна Жетпісбаева мен National Geographic Qazaqstan журналы редакциясының басқарушы директоры Қанат Абашов қатысады.

Жобаның мақсаты - оқушылардың білім сапасын және оқу сауаттылығы деңгейін арттыру, білім беру ұйымдарында оқушылардың ғылымдарға деген қызығушылығын арттыру. Жоба жыл бойы Қазақстанда 2016 жылдан бастап қазақ тілінде жарық көретін әлемге әйгілі "National Geographic Qazaqstan" журналымен серіктестікте жүзеге асырылады.