22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79
22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79

ИННОВАЦИЯ ЭНЕРГИЯСЫ: ATYRAU OIL & GAS 2024 – МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ЖЕТЕКШІ АЛАҢ

2024 ЖЫЛҒЫ 3–5 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА МАҢЫЗДЫ САЛАЛЫҚ ЭКСПО-ШАРАЛАР ӨТЕДІ, АТАП АЙТСАҚ: 21-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «ATYRAU OIL&GAS» КӨРМЕСІ ЖӘНЕ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР «ATYRAUBUILD» КӨРМЕСІ. БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ КӨРМЕ АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА, ӘБІЛҚАЙЫР ХАН ДАҢҒЫЛЫ, 79 МЕКЕНЖАЙЫНДА ОРНАЛАСҚАН КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНДА ӨТПЕК.  

Әлемнің 8 елінен 80-нен астам компания өз өнімдерін және инновацияларын таныстыру үшін осы көрме алаңында жиналып, өз бизнесін кеңейтуге, мұнай-газ және құрылыс салаларын одан әрі дамытуға перспективалар жасайды.

Көптеген жылдар бойы «Atyrau Oil&Gas» көрмесі мемлекет өкілдері мен нарықтың ірі ойыншылары үшін бас коммуникациялық алаң, мұнай және газ өндіру, мұнай-газ жабдықтарын өндіру және инфрақұрылымды дамыту саласында жаңа әріптестік жобаларды іздеу орны болып саналады.

2024 экспозициясы

Австрия, Әзірбайжан, Германия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Финляндиядан келген экспоненттер өз стендтерінде мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы соңғы жетістіктерімен таныстырады. Бұл көмірсутектерді барлау және өндіру саласындағы соңғы технологиялардан бастап мұнай мен газды тасымалдау, өңдеу және инфрақұрылымдық жобаларды дамыту шешімдеріне дейінгі өнімдер мен қызметтердің кең ауқымын қамтиды. Жыл сайынғы қатысушылардың қатарында ірі мұнай-газ өндіруші компаниялар, мұнай мен газды барлау және өндіру жөніндегі компаниялар, мұнай сервистік компаниялар, мұнай-газ жабдықтарын, жеке және өнеркәсіптік қорғау құралдарын, автоматтандыру және бақылау-өлшеу аспаптарының өндірушілер бар. Көрмеге келушілер энергия тиімділігі, экологиялық қауіпсіз технологиялар және саланың инновациялар мен тұрақты дамуға деген ұмтылысын көрсететін өндірістік процестерді автоматтандыру саласындағы озық әзірлемелерімен таныса алады.

Көрме аясында Пермь өлкесінің экспортын қолдау орталығы мен Удмурт Республикасының даму корпорациясы өздерін ұжымдық экспозициялар арқылы таныстырады.

Жыл сайынғы қатысушылардың қатарында Теңізшевройл, Каспий Құбыр Консорциумы, Ембімұнайгаз, Aksa Jenaratör A.Ş., Borkit Safety, ЛинкМастер Қазақстан, «ЮМАС» Ғылыми-өндірістік бірлестік және басқа компаниялар бар.

Көрме экспоненттерінің 40%-дан астамы көрменің жаңа қатысушылары

2024 жылғы экспозицияда 30-дан астам компания дебютант болады. Өз өнімдері мен көрсететін қызметтерін алғаш рет таныстыратын компаниялар: ASG Helicopter Services, Baku Shipyard, Roc-Master Piping Solutions, НТЗ ТЭМПО, Полиэкс, Ризур, Шлангез, Altrad Sparrows, Alpcom.Kz/Emali.Kz, BatysIndustry, Erreesse Caspian Valves, EtalonSnab, FGP Suppliers Group, GT Machinery, Henkel CAC, M2 Solutions, Marine Support Services, Mitwork, PERI Kazakhstan, Pillaris Kazakhstan, Selena CA / Селена ЦА, Zoomlion Central Asia, ZST Qazaqstan, Актив-Безопасность, Артвик Орталық Азия, Еврогидросервис, КазКоатингсГрупп, ТАПФЛО, Тексол Казсервис және басқалар.

Мұнай-газ саласы мемлекеттік бюджеттің едәуір бөлігін салықтар мен экспорттық баждар арқылы қамтамасыз етеді, сондай-ақ жұмыс орындарын құруға және аймақтық инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді. Мұнай-газ секторына инвестициялар құрылыс, көлік және қызмет көрсету сияқты өзара байланысты салалардың дамуын ынталандырады. Бұдан басқа, Қазақстан салаға шетелдік инвестицияларды тарту бойынша белсенді жұмыс атқырып жатыр, бұл технологиялық жаңартуды және өндіру тиімділігін арттыруды қолдайды. Дебютант-компаниялардың көрмеге деген қызығушылығы Қазақстан Үкіметі бекіткен ірі мұнай-газ және мұнай-газ-химия жобаларын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына байланысты.

Көрме – мемлекеттік саясаттың өршіл мақсаттарына қол жеткізуге арналған алаң

Ірі мұнай-газ және мұнай-газ химиясы жобаларын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарында мұнай-газ жобаларын іске асыру көзделген. Жоспар мұнай-газ саласында, мұнай-газ өңдеуде, сондай-ақ инвестициялардың болжамды көлемі $37,3 млрд болатын мұнай-газ химиясында 20 маңызды жобаны іске асыруға бағытталған, бұл саланы уақтылы жаңғырту халықаралық ойыншылардың қатысуы және мемлекеттік құрылымдар тарапынан белсенді қолдау арқылы жүзеге асырылады. Бұған озық технологияларды тарту, қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету және халықаралық деңгейде тиімді ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау кіреді. Мұндай тәсіл Қазақстанға мұнай мен газдың әлемдік нарығындағы өз позициясын нығайтуға, саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің тұрақты экономикалық өсуіне ықпал етуге мүмкіндік береді. «Atyrau Oil&Gas» көрмесі мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін тамаша көпір болып саналады. Ол озық технологияларды ілгерілету, инвестициялар тарту және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған платформа болып саналады. Бұл іс-шара стратегиялық жобаларды іске асыруға ықпал етіп қана қоймай, инновациялар мен технологиялық жаңаруға ықпал ете отырып, саланың тұрақты дамуын қолдайды. Жаһандану және үнемі өзгеріп отыратын әлемдік нарық жағдайында көрме Ұлттық экономикалық мақсаттарға қол жеткізудің, Қазақстанның өнеркәсіптік және технологиялық дамуын жеделдетудің негізгі құралына айналуда.

Іскерлік бағдарлама

Дамудың кешенді жоспарын іс жүзінде енгізу, сала мәселелерін ашық талқылау, ағымдағы міндеттердің шешімдерін әзірлеу салалық сарапшылардың қатысуын талап етеді. Көрменің іскерлік бағдарламасы барысында ондаған спикерлер, олардың ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшы-практиктер, ірі салалық қауымдастықтар мен одақтардың өкілдері дөңгелек үстелдер мен семинарларға қатысады. Теңізшевройл, Каспий Құбыр Консорциумы, Ембімұнайгаз, «ЭнергоИнновация» энергетикадағы инновациялық кәсіпорындар қауымдастығы, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты» АҚ және басқа да компаниялардың салалық сарапшылары өз тәжірибелерімен бөліседі. 

ITECA.EVENTS байланыс платформасы

 Биылғы жылдың жаңалығы ITECA.EVENTS мобильді қосымшасының іске қосылуы болды, оның негізгі міндеті келушілер мен қатысушылар арасында тамаша бизнес-коммуникациялар құру. Қосымша жасанды интеллект, кездесулерді тағайындау, лидтерді жинау және ең өзекті ақпаратты оңтайлы пайдалану мүмкіндіктері мен байланыс алмасуды жақсарту үшін озық алгоритмдер арқылы жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, ITECA.EVENTS – бұл жеке құрылғыңыздың ішіндегі цифрлық форматтағы көрмелер.

Ресми қолдау

«Atyrau Oil&Gas» көрмесінің бас серіктесі – Теңізшевройл компаниясы. Іс-шараның Алтын серіктестері – Каспий Құбыр Консорциумы, Ембімұнайгаз.

Іс-шараларға Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Атырау облысының әкімдігі, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, KAZSERVICE сервистік компаниялар одағы, PETROCOUNCIL.KZ – мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңес, Қазақстан мұнайшы-геологтар қауымдастығы (КОНГ), «Атамекен»  Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы ресми қолдау көрсетеді.

Көрменің ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.