22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79
22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79

ATYRAU OIL & GAS 2025: МҰНАЙ-ГАЗ ИННОВАЦИЯЛАРЫ, БИЗНЕС ЖӘНЕ САЛАДАҒЫ НЕГІЗГІ ТАЛҚЫЛАУЛАР ҮШІН ПЛАТФОРМА

2025 ЖЫЛДЫҢ 2-4 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА АТЫРАУДА 22-ШІ СОЛТҮСТІК-КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ – ATYRAU OIL & GAS 2025 КӨРМЕСІ ЖӘНЕ 22-ШІ СОЛТҮСТІК-КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР – ATYRAUBUILD 2025 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.

 Бұл көрмелер мұнай-газ және құрылыс секторындағы жетекші ойыншылар үшін тиімді байланыс алаңы қызметін атқарады. 

Биыл Atyrau Oil & Gas көрмесіне Австрия, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Нидерланды, БАӘ, Пәкістан, Ресей және Сингапурдан 71 мұнай-газ компаниясы қатысады. Алғаш рет ARCONMET, Beruseal Caspian, Caspian Resources & Technical Services, IEC ENERGY GmbH, PITON ELECTRIC KAZAKHSTAN, SDM Lifting сияқты компаниялар қатысады, бұл Қазақстанның мұнай-газ нарығына шетелдік компаниялардың қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Экспо-шара мұнай-газ өндіру, барлау, жабдық, мұнай қызметтері, жеке және өнеркәсіптік қорғау құралдары, автоматтандыру және бақылау-өлшеу аспаптары сияқты көптеген бағыттарды қамтиды.

Көрмеде Италиядан 18 өндірушінің жетістіктері кең ауқымды ұлттық экспозицияда ерекше назарға ілігеді. Экспозицияға қатысушылар арасында сапаны бақылау және технологиялық процестерді автоматтандыруға арналған жабдықты, активтерді басқару мен деректер мониторингіне арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді, клапандар, фитингтер және мұнай-газ саласына арналған жабдықтар сияқты қызметтерді ұсынатын компаниялар болады. Бұл экспозиция қатысушылар мен келушілерге италиялық жетістіктермен танысу және салаларын болашаққа бағыттайтын компаниялардың өкілдерімен іскерлік байланыстар орнату үшін бірегей мүмкіндік береді.

Бір уақытты AtyrauBuild құрылыс және интерьер көрмесі өтеді, оған 4 компания қатысады. AtyrauBuild құрылыс секторы үшін негізгі шешімдерді, соның ішінде құрылыс материалдары мен жабдықтарды, әрлеу материалдары мен интерьер шешімдерін, терезелер, есіктер мен фасадтарды, жылытуды және желдетуді, сумен жабдықтау мен сантехниканы, керамика мен тас, жол құрылысы, сондай-ақ сумен жабдықтау мен кәріз жүйелерін ұсынады.

Кең ауқымды экспозициядан бөлек, келушілерді мұнай-газ саласындағы негізгі мәселелерді қамтитын екі күндік іскерлік бағдарла күтуде. 2-ші сәуірде «Цифрландыру және мұнай-газ химиясы: Қазақстанның мұнай-газ саласының болашағы» атты Панельдік пікірталас өтеді. Пікірталас аясында PETROCOUNCIL мұнай-газ кеңесінің төрағасы Асылбек Жақиев «Қазақстандағы мұнай қызметтері нарығының жаңа жобаларындағы перспективалары туралы нарықты ақпараттандыру» тақырыбындағы презентациясы, сондай-ақ саладағы негізгі мәселелерге арналған екі мамандандырылған сессия өтеді.  

«Мұнай-газ химиясындағы жаңа жобалардың перспективалары мен мәселелері» сессиясы Қазақстанның мұнай-газ химиясындағы қазіргі және жоспарланған стратегияларды, жаңа жобаларға инвестицияларды қолдау мен ынталандыру бағдарламаларын, сондай-ақ экологиялық стандарттарды ескере отырып, тұрақты дамуды қамтамасыз ету механизмдерін талқылауға арналады. Дискуссияға ҚР энергетика вице-министрі, «Samruk-Kazyna Ondeu» басқарма төрағасы, «КазМунайГаз»ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Силенно», «Бутадиен» және «KMG PetroChem» компанияларының бас директорлары қатысады. Сессия қатысушылардың сарапшыларға қызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндік беретін ашық диалогпен аяқталады.

«Мұнай-газ секторында цифрлық шешімдерді енгізудің келешегі» сессиясы аясында спикерлер үлкен деректер, IoT, автоматтандыру, жасанды интеллект және блокчейнді қолдануды, сондай-ақ олардың бизнес-процестерді оңтайландыру мен мұнай-газ саласының тиімділігін арттыруға әсерін талқылайды. Қазақстанның мұнай-химия секторында жетекші позицияларға ие болуына көмектесетін инновациялық шешімдерге ерекше назар аударылатын болады. Барлық сұрақтарға ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс, «КазМунайГаз»ҰК» АҚ, ТШО, NCOC және KPO өкілдері жауап береді.

2025 жылдың 4 сәуірінде көрме қарсаңында біздің серіктесіміз – Petrocouncil мұнай-газ кеңесі Қазақстан мен басқа елдердің жетекші мұнай-газ және мұнай қызмет көрсету компанияларының 300-ден астам цифрлық көшбасшыларын біріктіретін III жыл сайынғы «PetroDigital 2025» форумын ұйымдастырады. Форум барысында саланың цифрлық технологияларын енгізудегі озық тәжірибелер талқыланады.

Atyrau Oil & Gas 2025 өзінің салалық іс-шара ретінде маңыздылығын қайта растай отырып, жетекші сарапшыларды, бизнес көшбасшыларын және мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін жинайды. Үш күн ішінде қатысушылар іскерлік байланыстар орнатып, заманауи технологияларды зерттеп, Қазақстанның мұнай-газ секторын дамыту перспективаларын талқылай алады.

Іс-шараға ресми қолдау көрсететін ұйымдар: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Атырау облысының әкімдігі, «КазМунайГаз»ҰК» АҚ, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы», PETROCOUNCIL мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңесі, «KazService» Қазақстанның мұнай-сервис компаниялары одағы, Қазақстан мұнайшылар-геологтар қоғамы (КОНГ). 

Іс-шара ұйымдастырушылары: Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы