22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79
22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79

ATYRAU OIL&GAS КӨРМЕСІНІҢ ІСКЕРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫНЫҢ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНАДЫ

2025 ЖЫЛДЫҢ 2-4 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ 22-ШІ СОЛТҮСТІК-КАСПИЙ ӨҢІРЛІК – ATYRAU OIL&GAS  КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.

Бұл іс-шара мұнай-газ секторының жетекші мамандарын жинайды. Биылғы жылы іс-шараға 10 елден, атап айтқанда, Австрия, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Нидерланды, БАӘ, Пәкістан, Ресей және Сингапурдан 96 компания қатысады. Экспоненттердің 61%-ын жаңа қатысушылар құрайды, олардың ішінде ARCONMET, Beruseal Caspian, Caspian Resources & Technical Services, IEC ENERGY GmbH, PCA POWER KZ, SDM Lifting және басқа да компаниялар бар. Бұл көрменің маңыздылығын арттыра түседі. Сонымен қатар, мұнай-газ саласына арналған заманауи техникалық шешімдер мен жабдықтарды ұсынатын кең ауқымды көше экспозициясы ұйымдастырылады. Көше экспозицияның қатысушылары қатарында Texol, Izoplus Central Asia, Makita, Svarka KZ, Novateq Group, ARS Oilum / OSS Kazakhstan, Save the Caspian Sea, Flow Tech Corporation және Akvatoriya Aktobe бар.

Дәстүрлі түрде көрменің іскерлік бағдарламасы аясында өзекті тақырыптар кеңінен қамтылады. Биылғы жылы басты тақырып «Цифрландыру және мұнай-газ химиясы: Қазақстан мұнай-газ саласының болашағы» болады. Бағдарлама пленарлық отырысты, тақырыптық панельдік сессияларды, семинарларды және өндірістік экскурсияларды қамтиды.

Atyrau Oil&Gas 2025 көрмесінің бірінші күні, 2 сәуірде, іс-шараның ашылу рәсімі және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілі мен Kazenergy бас директоры Жандос Нұрмағанбетовтың құттықтау сөзімен басталады. Одан кейін «Мұнай-газ химиясындағы жаңа жобалардың перспективалары мен сын-қатерлері» тақырыбындағы Пленарлық отырыс өтеді, онда қатысушылар Қазақстандағы мұнай-газ химиясының даму стратегияларын, инвестицияларды ынталандыру бағдарламаларын және экологиялық тұрақты дамуды талқылайды. Отырысты Қазақстанның мұнай-газ кеңесі PetroCouncil төрағасы Асылбек Жақиев жүргізеді. Спикерлер қатарында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Samryk-Kazyna Ondeu» ЖШС, «Силенно» ЖШС, «Бутадиен» ЖШС және «KMG PetroChem» ЖШС өкілдері бар.

Күннің екінші жартысында «Мұнай-газ саласында цифрлық шешімдерді енгізудің болашақ перспективалары» тақырыбында Панельдік сессия өтеді. Ол үлкен деректерді пайдалану, автоматтандыру, жасанды интеллект және олардың операциялық қызметке әсері мәселелеріне арналады. Сессияны Kazenergy атқарушы директоры Данияр Насипов жүргізеді. Спикерлер қатарында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, сондай-ақ «Ембімұнайгаз» АҚ өндірісті автоматтандыру және IT департаментінің директоры Болат Нысанбаев, NCOC компаниясының цифрлық трансформация жөніндегі менеджері Нұржан Раев бар. Іс-шара сұрақ-жауап сессиясымен аяқталады.

Atyrau Oil&Gas 2025 көрмесінің екінші күні, 3 сәуір, сатып алу процестерін терең талқылауға арналады. Іскерлік бағдарлама аясында Теңізшевройл, NCOC және KPO компанияларының семинарлары өтеді. Қатысушылар мұнай-газ нарығының ірі операторларының талаптары мен саясаты туралы толық ақпарат алып, ынтымақтастықтың болашақ перспективаларын талқылай алады.

Atyrau Oil&Gas көрмесі сала үшін маңызды іс-шара болып саналады, ол жаңа серіктестіктердің қалыптасуына, инновациялық шешімдерді енгізуге және мұнай-газ секторындағы негізгі мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Шараның бас серіктесі – Теңізшевройл

Алтын серіктесі – Каспий Құбыр Консорциумы

Күміс серіктестері – Beeline, Clemco International

Ресми қолдау көрсетушілер: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Атырау облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «KAZENERGY» Қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы», PETROCOUNCIL – мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңес, Қазақстанның сервистік компаниялар одағы KazService, Қазақстандық мұнайшылар мен геологтар қоғамы (ҚМГҚ) 

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы.