22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79
22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТЕР: АТЫРАУДА МҰНАЙ-ГАЗ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ ІРІ КӨРМЕЛЕРІ ӨТЕДІ

2-4 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА АТЫРАУ ҚАЛАСЫ, ӘБІЛҚАЙЫР ХАН ДАҢҒЫЛЫ, 79 МЕКЕНЖАЙЫНДА ОРНАЛАСҚАН КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АУМАҒЫНДА 22-ШІ СОЛТҮСТІК-КАСПИЙ ӨҢІРЛІК «ATYRAU OIL&GAS» КӨРМЕСІ ЖӘНЕ 22-ШІ СОЛТҮСТІК-КАСПИЙ ӨҢІРЛІК ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ «ATYRAUBUILD» ӨТЕДІ.

Биылғы жылы көрмеге Австрия, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Нидерланды, БАӘ, Пәкістан, Ресей және Сингапурды қоса алғанда, 10 елден 97 компания қатысады. Экспоненттердің 61%-ының көрмеге алғаш рет қатысуы оған ерекше маңыздылық береді. Олардың ішінде ARCONMET, Beruseal Caspian, Caspian Resources & Technical Services, IEC ENERGY GmbH, PCA POWER KZ, SDM Lifting және басқа да компаниялар бар. Сонымен қатар, көрме аясында мұнай-газ саласына арналған заманауи техникалық шешімдер мен жабдықтарды көрсететін ауқымды көше экспозиция ұйымдастырылады. Көше экспозицияның қатысушылары қатарында – Texol, Izoplus Central Asia, Makita, Svarka KZ, Novateq Group, ARS Oilum / OSS Kazakhstan, Save the Caspian Sea, Flow Tech Corporation, Akvatoriya Aktobe, Caspian Resources & Technical Services, Caspian Radio Services.

Көрмеде ерекше назар Италияның 18 өндірушісіне аударылады, олар өз жетістіктерін ауқымды ұлттық экспозицияда ұсынады.

«Atyrau Oil&Gas» көрмесі мұнай-газ саласындағы ұлттық міндеттерді жүзеге асырудың негізгі алаңы ретінде маңызды рөл атқарады. Көрме жаңа технологияларды енгізу, капитал тарту және халықаралық әріптестікті дамыту үшін тиімді платформа ұсынады. Ол стратегиялық бастамаларды іске асыруға ықпал етіп, саланың ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ технологиялық жаңғыру мен инновацияларды ынталандырады.

Көрменің мазмұнды іскерлік бағдарламасын мемлекеттік органдар өкілдері, салалық сарапшылар, жетекші қауымдастықтар мен одақтардың өкілдері қатарынан шыққан ондаған спикер қамтамасыз етеді. 2 сәуірде «Мұнай-газ химиясындағы жаңа жобалардың перспективалары мен сын-қатерлері» тақырыбында Пленарлық отырыс өтеді. Бұл сессияда Қазақстанда мұнай-газ химиясын дамыту стратегиялары, инвестицияларды ынталандыру бағдарламалары және экологиялық тұрақты даму мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, көрменің алғашқы күнінің бағдарламасына «Мұнай-газ саласында цифрлық шешімдерді енгізудің болашақ перспективалары» атты Панельдік сессия кіреді. Бұл сессияда үлкен деректерді пайдалану, автоматтандыру, жасанды интеллект және олардың өндірістік процестерге ықпалы мәселелері қарастырылады.

3 сәуір күні семинарлар барысында «Теңізшевройл», NCOC, KPO сияқты компаниялардың салалық сарапшылары өз тәжірибелерімен бөліседі. Сондай-ақ, көрме қатысушылары мен БАҚ өкілдері үшін «Махамбет» өнеркәсіптік-өндірістік кешені (TEXOL компаниялар тобы) және «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-на өндірістік экскурсиялар мен баспасөз турлары ұйымдастырылады.

2025 жылғы 4 сәуірде Infinity Event Hall алаңында III Жыл сайынғы PetroDigital 2025 форумы өтеді. Форумның басты тақырыбы – «Мұнай-газ саласын цифрландыру: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер». Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қазақстанның мұнай-газ кеңесі «PetroCouncil» ЗТБ.  

«Atyrau Oil&Gas» көрмесі сала үшін маңызды іс-шаралардың бірі болып қала бермек, жаңа әріптестіктердің қалыптасуына, инновациялық шешімдердің енгізілуіне және мұнай-газ секторындағы негізгі міндеттердің шешілуіне ықпал етеді.

Іс-шараның бас серіктесі – Теңізшевройл

Алтын серіктесі – Каспий Құбыр Консорциумы

Күміс серіктестері – Beeline, Clemco International

Ресми қолдау көрсететіндер: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Атырау облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, KAZENERGY – Қазақстанның мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы, PETROCOUNCIL – Мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестікті дамыту кеңесі, KazService – Қазақстанның сервистік компаниялар одағы, Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамыны (КОНГ).    

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.