«АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» СОЛТҮСТІК КАСПИЙ ӨҢІРЛІК КӨРМЕСІ

2020 жылдың сәуір айында Атырау қаласы дәстүрге сай мұнай-газ және құрылыс салаларының кәсіпқойлары жиналатын орынға айналады.

8-10 сәуір арасында Көрме орталығында ірі салалық көрмелер өтеді, олар: 19-шы “Атырау Мұнай және Газ 2020” Солтүстік Каспий аймақтық көрмесі және Атырау Билд 2020.

Құрылыс және мұнай-газ индустрияларының тек қана Батыс Қазақстан аумағында ғана емес, жалпы Орта Азия аймағындағы жыл сайынғы өсімі және екпінді дамуы, бұндай көрмелердің өткізу маңыздылығын және ел экономикасының дамуына қосқан елеулі үлесін көрсетеді.

18 жылдық жұмысы барысында “Атырау Мұнай және Газ 2020” көрмесі өзін келіссөздер өткізуге, мұнай және газ өндірісі саласында, мұнай-газ жабдығы өндірісі және инфрақұрылымды дамыту салаларында жаңа серіктестік жобалар іздеуге арналған тиімді алаң ретінде танытты.

Жыл сайын қатысушылар саны өсіп келеді және олардың географиясы кеңейіп келеді. Қазір 2020 жылғы экспозицияға Әзербайжан, Беларусь, Британия, Германия, Италия, Қытай, Малайзия, Ресей, Түркияның компаниялары, сонымен қатар бір қатар жетекші қазақстандық кәсіпорындар өз қатысуын растады. Олар өндіруші мұнай-газ компаниялары, мұнай және газ барлау және өндіру бойынша ұйымдар, мұнай-газ жабдығы, жеке және өнеркәсіптік қорғаныс құралдары, автоматтандыру және БӨА өндірісшілері, мұнай сервистік компаниялар.

2019 жылы көрмеде әлемнің 10 елінен 98 компания қатысқан болатын. Көрмеге әлемнің әр түкпірінен 1 864 қонақ келді, сонымен 2019 экспозиция алаңы өткен жылмен салыстырғанда 30% өсті.

Көрме мұнай-газ индустриясының кәсіпқойларын біріктіреді, саладағы үрдістерді қадағалауға көмектеседі және соңғы инновациялармен таныстырады, сату көлемін ұлғайтуға септігін тигізеді және мұнай-газ жабдығын өткізу географиясын кеңейтеді.

Жыл сайын Тенгизшевройл, NCOC, Ембімұнайгаз, Каспий Құбыр Консорциуымы, Атыраунефтемаш және басқалары сынды ірі ұлттық мұнай-газ холдингтері және консорциумдары көрменің қатысушылары қатарында болады.

Атырау Мұнай және Газ және Атырау Билд көрмелерінің ресми бөлімдерімен қатар, іскерлік бағдарлама аясында мұнай-газ индустриясының негізгі үрдістерін және саланың өзекті мәселелерін зерттеу мен түсіндіруге бағытталған семинарлар және тақырыптық алқалы отырыстардың өткізілуі қарастырылған.

Көрмелерге жыл сайын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Атырау облысының әкімдігі, “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ, Мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының «KAZENERGY» қауымдастығы, KAZSERVICE Сервистік компаниялар одағы, PETROCOUNCIL.KZ- Мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестіктерді дамыту жөніндегі одағы ресми қолдау көрсетеді.

Көрмелердің ұйымдастырушысы Қазақстандық көрме компаниясы “Iteca”.