22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79
22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79

КӨШБАСШЫМЕН БІРГЕ: ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ КОМПАНИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТАҒЫ МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ЖЕТКІЗУШІЛЕР ҚАЛАЙ ӨСІП, ДАМУДА

1623337648

2010 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңде 24,4 млрд АҚШ доллары – Теңізшевройл компаниясының қазақстандық нарықтағы жалпы шығындары. Компания жұмыс істеген жылдарында елімізде 143 мыңнан астам жаңа жұмыс орны, оның ішінде тек Маңғыстау облысында 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Ал, Маңғыстау нарығына ТШО-ның шығындары 216 млн. доллар құрады. Компания өзі дамып қана қоймай, өңірлердегі өндірістік кәсіпорындардың дамуы мен өсуіне ықпал етеді.

Алып компания мердігерлік, қосалқы мердігерлік немесе тікелей келісімшарттар бойынша Қазақстанның жүздеген кәсіпорындарымен жұмыс істейді. Олардың барлығы өз өнімдерін немесе қызметтерін ұсынып келеді. Мұндай кәсіпорындардың көпшілігі Маңғыстау облысында орналасқан. Солардың бірі – «Sartai Trans Service» ЖШС. Кәсіпорын Ақтау қаласында 90-шы жылдардың соңында құрылды. Осы уақыт ішінде кәсіпорын өсіп, қызмет салалары да кеңейді. Қазір компания «мұнай саласын» әртүрлі көлік түрлерімен, кеңселік үй-жайлармен, өндірістік базалармен қамтамасыз етеді. 2014 жылдан бастап «SartaiTransService» ЖШС ТШО-мен қосалқы мердігер ұйым ретінде, ал соңғы екі жылда тікелей келісім-шартта қызмет етті. Қазір компания Теңізшевройлға жүк көтергіш механизмдерін ұсынады.

«Мұндай ірі компаниямен ынтымақтастықтың болашағы зор. Бұл бізге маңызды міндеттемелер мен талаптарды жүктейді. ТШО-да еңбек қауіпсіздігінің, сапа менеджментінің, қызметкерлерді іріктеу мәселесінің бүкіл жүйесі әлдеқашан әзірленген. Талаптар өте қатал, бірақ олар дұрыс, өйткені бұл, ең алдымен, компанияның имиджі. Сондықтан біздің өзімізге қойылатын талаптарымыз да артып келеді. Мысалы, ТШО тек техниканың ғана емес, сонымен қатар қызметкерлердің де жоғары деңгейде болуын болуын талап етеді – бұл үнемі қосымша оқытудан өтетін, еңбек өтілі бар жоғары білікті мамандар болуы тиіс», − дейді «Sartai Trans Service» ЖШС құрылтайшысы Еркін Ыбырашев.

1623344066

Мұндай «мектеп» барлық кәсіпорындар үшін пайдалы екенін компанияда баса айтады. Сонымен қатар, олар бизнесті ТШО-дан бастауда күмәндәнбау керектігін атап өтті. Компанияның құрылтайшысы жоғары талаптарға сай болуға тырысқан кез келген кәсіпорын жергілікті деңгейде ғана емес, республикалық деңгейде де бәсекеге қабілетті бола түсетінін қоса айтты.

– Біздің компания - ТШО-ға осындай көлік қызметтерін ұсынатын төрт компанияның бірі. Сондықтан қызмет біз қызмет сапасын сақтауға тырысамыз. Бұл, ең алдымен, бізге және біздің дамуымыз үшін қажет. Мәселен, біздің компанияның ТШО-мен ынтымақтастықта жұмыс істейтіндігі көптеген тапсырыс берушілердің сенімін оятады. Бұны біз сапа деп білеміз, – дейді Еркін Ыбрашев.

Тағы бір маңғыстаулық жас компаниялардың бірі – «TasCom Supply & Services» ЖШС. 2011 жылдан бастап олар өнеркәсіптік кәсіпорындарын кешенді жабдықтауды бастады, уақыт өте келе металл жиһаз, сейфтер мен сөрелерді сату бойынша ірі ресейлік өндірушілермен дилерлік келісімдерге келді. Сол кезде кәсіпорын ірі мұнай компанияларынан кеңселер мен вахталық кенттер үшін жиһаз дайындауға сұраныстар ала бастады. Бұл 2013 жылы жеке жиһаз өндірісін құруғажол ашты. Бүгінгі таңда компания тек жиһаз өндірушісі ғана емес, сонымен қатар ресми, ал кейбір жағдайларда Қазақстан бойынша әртүрлі жабдықтардың жетекші өндірушілерінің эксклюзивті дистрибьюторы болыпотыр. Өндіріс ашылғаннан кейін, төрт жыл өткен соң «TasComSupply&Services» ЖШС ТШО-дан тапсырыс алды. Біз мұндай ірі тапсырыс берушіден айырылғымыз келмеді, - деп еске алады компания басшысы. - Сондықтан біз өз өнімдерімізге қойылатын талаптарды орындауға күш салдық.

– ТШО жобасы бойынша біз жиһаз цехында жаңа өнім желісін шығардық – бұл көтергіш механизмі бар эргономикалық үстелдер. Алдымен сынақтан өту үшін үлгілер ұсындық. Ал бір жылдан кейін «Теңізшевройл» ЖШС үшін жиһаздың сериялық өндірісіне кірістік. Қазір бұл өнімдер компаниямыздағы жиһаз өндірісінің жалпы көлемінің жартысына жуығын құрайды, – деді «TasCom Supply & Services» ЖШС директоры Ержан Тасмағамбетов.

ТШО - өте ірі тапсырыс беруші. «TasCom Supply & Services» ЖШС бірден бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейтінін ескерсек, олардың әрқайсысы бойынша ТШО-мен ынтымақтастықтың өзіндік ерекшеліктері бар.

– Мәселен, жиһаз цехы бойынша біз шығарылатын өнімнің эргономикасына, яғни тұтынушы үшін тиімділік пен қауіпсіздікке назар аудара бастадық. Бұл- кешенді жабдықтау бойынша қызмет салаларын кеңейту, халықаралық келісімдер жасасу, жаңа қызметтер ұсыну мүмкіндігі. Негізгі талаптарға келетін болсақ, бұл бірінші кезекте ТШО-ның өндірістің барлық кезеңдерінде қауіпсіздік техникасын сақтау жөніндегі талаптары, оны біздің мамандар мүлтіксіз сақтайды, − деді Ержан Тасмағамбетов.

Компания жергілікті өндірушілер мен қамтушыларүшін осындай стратегиялық маңызды серіктеспен одан әрі ынтымақтастыққа мүдделі екенін атап өтті.
– Бізге әлі де өсу керек. Бұл осы серіктестіктегі ең басты мақсат, – дейді компаниядағылар.

Теңізшевройл компаниясы еліміздің мұнай өндіруші кәсіпорындар арасында көшбасшы орынға ие. Кәсіпорын мұнай және мұнай өнімдерін өндіреді, сондай-ақ өткізеді. Бүгінгі таңда ТШО-ның қазақстандық номиналды жалпы ішкі өнімді қамтамасыз етудегі үлесі 11,4% құрайды, ал ЖІӨ-нің жыл сайынғы жиынтық үлесі 21 млрд астам АҚШ долларын құрап отыр. Бұл ретте ТШО-ның өндіруден түскен таза табысының жартысынан астамы ел экономикасына оралды - бұл Қазақстандағы шығындар, қазақстандық қызметкерлердің еңбекақысы, сондай-ақ салықтар, роялти және акционерге төлемдер. Компания ірі және орта бизнесті, сондай-ақ өте шағын өндірістерді тарта отырып, тауарлармен және қызметтермен қамтушылардың нарығын үнемі кеңейтіп отырады.

 ТШО-ның жергілікті нарықтағы шығыстары және олардың облыстар бойынша әсері IHS Markit - халықаралық талдау агенттігі жақында зерттеу жүргізіп, мұнай-газ саласынан қандай аймақтар пайда көретінін анықтады. ТШО қызметі негізінен Атырау облысында шоғырланғанына қарамастан, компанияның жергілікті нарықтағы орташа жылдық шығындары Қазақстанның қалған облыстары бойынша бөлінген. Мәселен, Манғыстау облысы 216 млн АҚШ долларына тапсырыс алады және біздің облыста 12 000-нан астам жұмыс орнын ашады.

Жергілікті нарықтағы ТШО-ның орташа жылдық шығындарынан экономикаға түсетін түсімдердің облыстар бойынша көрсеткіштері (млн АҚШ доллары және жұмыс орындарының саны)

«Жоғарыдағы суретте жергілікті нарықтағы ТШО шығындарының сату белсенділігімен, ЖІӨ-ге қосқан үлесімен және жұмыс орындарымен өлшенетін әртүрлі облыстарға/өңірлерге әсері көрсетілген. Ынталандырылған сатудың жалпы көлемі - бұл ТШО-ның жергілікті нарықтағы тікелей шығындарының және кез келген кейінгі жанама және индукцияланған іс-шараларының сомасы. Белгілі бір аймақ үшін ынталандырылған белсенділіктің жалпы көлемі жергілікті нарықтағы ТШО шығындарының шамамен екі еселенген мөлшерін құрайды. Кеңейтілген жеткізілім тізбегі бірнеше аймақтың шекарасын кесіп өтуі мүмкін болғандықтан, ТШО-ны бір аймақта тікелей сатып алу басқа аймақтағы жеткізілім тізбегі бойынша белсенділікті арттыруы мүмкін. Мысалы, Атырауда құрылыс қызметтерін сатып алу нәтижесінде Маңғыстаудың өндірістік секторында сауда белсенділігін тудыруы мүмкін», деп айтылған IHS Markit зерттеуінде.

Ақпарат көзі