«ҚАЗТРАНГАЗ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ МЕН NCOC ҚАШАҒАН КЕН ОРНЫНЫҢ 2А КЕЗЕҢІН НЕГІЗДІК ЖОБАЛАУ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ЖАСАСТЫ
Нұр-Cұлтан, 2021 жылғы 14 желтоқсан: Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясы және «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы 2022-2023 жж. аралығындағы кезеңге Қашаған кен орнының 2А кезеңін негіздік жобалау бойынша бірлескен жұмыс туралы келісім жасасқанын хабарлайды, бұл келісім Қашаған кен орнында өндірілген шикі газды өңдеу қуатын 2 миллиард текше метрге арттыруды көздейді.
2A кезеңі жылына 2 миллиард текше метр шикі газ өңдеу есебінен Қашаған кен орнындағы мұнай өндіру көлемін тәулігіне шамамен 50 000 баррельге арттыруды көздеп отыр.
Оператор NCOC компаниясына 2A кезеңін жүзеге асыру үшін қолданыстағы трасса бойынша күкіртті газ тасымалдайтын екі газ құбырын тарту қажет болады: біреуі Қашаған теңіз кешенінен «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысына (МГКДҚ) дейін және екіншісі «Болашақ» қондырғысынан 1 миллиард текше метр шамасында газ өңдеу зауытына (ГӨЗ) дейін тартылады. Сонымен бірге теңіз және құрлық кешендеріндегі қолданыстағы нысандарды жаңғырту бойынша шағын жұмыс көлемін орындау қарастырылып отыр.
Ал «Казтрансгаз»-дың тапсырысы бойынша қазіргі уақытта қуаты жылына 1 миллиард текше метр ГӨЗ салу бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаға қосымша жылына 2 миллиард текше метр шикі газ өңдейтін жаңа зауыт құрылады.
NCOC басқарушы директоры Оливье Лазар: «Біз Қашаған кен орнын игерудің келесі маңызды кезеңіндеміз. 2A кезеңі бойынша түпкілікті шешім қол қойылған келісім шеңберінде орындалатын негіздік жобалау нәтижелері бойынша анықталатынын атап өткіміз келеді», - деді.
Осы жобаның жүзеге асырылуы Атырау өңірінің әлеуметтік-экономикалық өсуіне, газдың ресурстық базасының өсіміне елеулі ықпал етеді және бүкіл Қазақстан экономикасының дамуына ынталандырушы әсер береді.