ӨНДІРУШІ СЕКТОРҒА АРНАЛҒАН BIGDATA
«Атырау Мұнай және Газ» Солтүстік Каспий өңірлік көрмелерінің тарихында алғаш рет ауқымды іскерлік бағдарламамен «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС (бұдан әрі-ҚМГ) – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ ғылыми-зерттеу және инжинирингтік орталығы қатысуда. Жобаның тұсаукесеріне мұнай астанасына ірі мұнай-газ операторларының және ұлттық компанияның еншілес және тәуелді компанияларының басшылары мен негізгі мамандары жиналды.
- Еліміздің батыс өңірі - Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің жүрегі, ал Солтүстік Каспий көрмесі – мұнай-газ және сервистік компанияларды біріктіретін өңірдегі маңызды оқиға. Біз үшін бұл өндіруші сектордың өндірістік қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында мұнай өндіру процестерін цифрландыру саласындағы қазақстандық инженерлер мен бағдарламашылардың озық жетістіктері туралы жеткізе алатын тамаша алаң. Көрме аясында ҚМГИ ауқымды бағдарлама ұсынады, соның арқасында қатысушылар ұлттық компанияның ғылыми-зерттеу орталығының ерекшелігі мен потенциалы туралы түсінік қалыптастыра алады, және деболашақ ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерді талқылай алады, - деп ҚМГИ бас директоры (Басқарма төрағасы) Бақытжан ХАСАНОВатап өтті.
ҚМГИ барлық үш күн ішінде көрме өтетін жерде – Абай орталығының STEAM«JasSpace»кеңістігіндеBig Data технологиясын қолдана отырып, мұнайды барлау және өндіру блогының деректерін бір ақпараттық кеңістікте шоғырландыратын ABAI ақпараттық жүйесінің 4 модулі бойынша мастер-кластар сериясын ұсынады. ABAI деректердің үлкен көлемін талдауға, күрделі мәселелерді шешу үшін жасанды интеллектті қолдануға және талдау нәтижелерін ыңғайлы форматта визуализациялауға мүмкіндік береді. ҚМГИ өндіруші кәсіпорындардың негізгі өндірістік міндеттерін шешу үшін барлығы 20астам модульдер құруды жоспарлап отыр.
Көрмеге қатысушылар ABAI жобасымен, сондай-ақ ҚМГИнжинирингмұнай-газ секторы қызметкерлері үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кернді зерделеу саласындағы цифрлық әзірлемелерімен компанияның стендінде таныса алады.
Қосымша, қызығушылық танытқан тұлғалар үшін мұнай, газ және суды, қабаттық флюидтерді, кәсіпшілік химияны, экологиялық зерттеулер мен мониторингті, мұнай, су және жынысты геохимиялық зерттеулерді, ұңғымаларды бұрғылау технологиялары мен керндік материалдарды зерттеу бойынша қолда бар зертханалардың потенциалымен танысу үшін ҚМГ Инжиниринг Атыраулық филиалының Ғылыми және зертханалық зерттеулер орталығына бизнес-тур ұйымдастырылды.
Іскерлік бағдарламаны ҚМГ Инжиниринг Атыраулық филиалы директорының геология және игеру жөніндегі орынбасары Алтынбек Мардановтың қатысуымен «KMGE School: мұнай-газ саласы үшін сұранысқа ие мамандарды даярлау бойынша «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС тәжірибесі» семинары аяқтайды.
БАҚ үшін байланыс тұлғалар: +77718774111 - Лаура Сулейменова
+77712552598 – Динара Архарова