22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79
22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79

BERUSEAL CASPIAN» ЖШС – ҚҰБЫРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ШЕШІМДЕРДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ЖЕТКІЗУ

 beruseal logo

«Beruseal Caspian» ЖШС құбырларға арналған жылдам ажыратылатын қысқыштар (қамыттар) мен композиттік жөндеу шешімдері сияқты жоғары сапалы шешімдерді өндіруге және жеткізуге маманданатын Beruseal (Pty) Ltd халықаралық компаниялар тобына кіреді. Өнімдер сапасымен танымал және бүкіл әлемдегі ең күрделі өндірістік объектілерде қолданылады.

 beruseal 01

Quickseal қамыттары — бұл тесілген жерлерді тығыздауға және жұмыс режимінде құбырларды жөндеуге арналған әртүрлі диаметрдегі инновациялық, алдын ала жасалған шешімдер. Quickseal жинақтары будың, химиялық, қышқыл немесе мұнай өнімдерінің ағып кетуін оқшаулау үшін жабдықтарын тоқтата алмайтын кәсіпорындарға арнайы әзірленген.

 beruseal 02

Spitze HP қамыттары жоғары қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың жұмысын тоқтатпай-ақ немесе оны оқшауламай, тесілген жерлерді уақытша герметизациялау үшін ASME VIII Div 1 талаптарына сәйкес әзірленіп, өндірілген. Оның қарапайым құрылымы ұзақ мерзімді жөндеудің Revowrap композиттік жүйелерін одан әрі қолдануға арналған.

Spitze HP қамыттары мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібінде жиі кездесетін агрессивті химиялық ортаға төзімді.

  beruseal 03

Revowrap композиттік жөндеу жүйелері. Revowrap жүйелері құбырларды бастапқы жобалық параметрлеріне дейін қалпына келтіруге арналған, бұл оларға зауыттың, қондырғының немесе жабдық жүйесінің жұмысын тоқтатпай-ақ ең жоғары рұқсат етілген жұмыс қысымында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Көміртекті талшықтан жасалған жаңашыл композиттік орам құбырларды жөндеуге арналған болаттан берік.