22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79
22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79

Теңізшевройл ЖШС – Бас Серіктесі

GpTSO k

«Теңізшевройл» ЖШС – 1993 жылы Атырау облысындағы Теңіз кен орнын игеру үшін Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды.

ТШО тарихында атқарған істерін алып қарасақ: қызметкерлердің қауіпсіздігі, денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау қағидаларын ұстана отырып, экономиканы дамытуға да, адами әлеуетті дамытуға да инвестиция салды. Мәселен, Қазақстан Республикасына Теңізшевройл тікелей төлемдері 1993 жылдан бері 201 млрд АҚШ долларынана асты.

2025 жылдың басында ТШО жаңа Үшінші буын зауытында (ҮБЗ) шикі мұнайды қауіпсіз өндіруді бастап, өзінің Келешек кеңею жобасын (ККЖ) жүзеге асыруда маңызды межеге қол жеткізді. Барлық өндiрiстiк нысандар толық iске қосылғаннан кейiн, мұнай өндірудің жалпы жылдық көлемі шамамен 40 миллион тоннаны құрайды деп күтілуде, бұл Қазақстанға салықтар, роялти және басқа да тікелей қаржылық төлемдер есебінен қосымша кіріс әкеледі деген сөз.

ККЖ шеңберіндегі құрылыс жұмыстары қызған шақта шамамен 90 000 жұмыс орны ашылды. Жобаны жүзеге асыру барысында ТШО 37 500-ден астам оқыту курстары арқылы білікті ұлттық мамандарды даярлай отырып, елдегі кадр әлеуетін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосты. Бүгінде бұл мамандар алған тәжірибелерін Қазақстанның өнеркәсіптік жобаларында да, халықаралық деңгейде де қолдана алады. Оған қоса, ТШО ККЖ шеңберінде қазақстандық компаниялармен 1250-ден астам келісімшарт жасасты.

✔ Атырау Мұнай және Газ 2025 көрмесіндегі «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясының стендіне қош келдіңіз!