«ҚАРАШЫҒАНАҚ ПЕТРОЛИУМ ОПЕРЕЙТИНГ Б. В.» КОМПАНИЯСЫНЫҢ СЕМИНАРЫ
2025 жылғы 3 сәуірде сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компаниясының өкілдері «Атырау Мұнай және Газ 2025» 22-ші Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі шеңберінде сатып алу бойынша семинар өткізеді.
Семинар барысында келесі мәселелер қаралады:
• Әлеуетті өнім берушілерді тіркеу тәртібі.
• ҚПО сатып алу рәсімдерінің негізгі кезеңдері мен талаптары.
• Жергілікті қамтуды қолдау және қазақстандық кәсіпорындардың сатып алуға қатысу тетіктері.
Спикерлер:
Жанна Агатаева – Шарттық жұмыс және сатып алу секторының бастығы
Камшат Гиматдинова – Шарттық жұмыс және сатып алу бойынша сарапшы
Ерлан Нугманов – Жеткізушілердің біліктілігі бойынша аға маман
Дамир Кажушев – Қазақстандық қамту бойынша маман
Семинар қатысушыларға ҚПО базасында жеткізушілерді тіркеу, сатып алу қызметін жүзеге асыру процестерімен және қазақстандық компанияларды қолдау тетіктерімен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік береді.
Барлық қызығушылық танытқандарды қатысуға шақырамыз.
Сіздерді 3 сәуірде сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін Әбілқайыр хан даңғылы, 79 мекенжайындағы Көрме орталығының семинар бөлмесінде күтеміз!