Панельдік сессия: «Мұнай-газ саласында цифрлық шешімдерді енгізудің келешегі»
Сіздерді 2 сәуірде сағат 14:00-15:30 аралығында “Теңізшевройл” ЖШС компаниясының «ТШО-дағы деректер аналитикасы және ЖИ: өндірістің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы семинарға қатысуға шақырамыз
Цифрлық технологиялардың дамуы және жасанды интеллектті қолдану өмірдің барлық салаларына, соның ішінде мұнай-газ саласына да әсер етті. “Теңізшевройл” ЖШС (ТШО) өндірісте қолданылатын технологияларды дамытуға және жетілдіруге ерекше көңіл бөледі, осылайша прогресті шабыттандыруды жалғастырып, Қазақстандағы мұнай-газ саласының жетекші компанияларының бірі болып қала береді.
ТШО мамандары ЖИ дамуы сала мен өндірістің дамуына қалай әсер еткені, компания өзінің өнімділігі мен қауіпсіздігін жақсарту үшін қандай құралдарды енгізгені туралы айтып береді. Сондай-ақ технологияларды дамытудың және болашақ кеңейту жобасы – Теңізде шикі мұнай өндірудің жалпы көлемін жылына тағы 12 миллион тоннаға арттыратын сағалық қысымды басқару жобасына әсері туралы айтады. Барлық өндірістік объектілер толық қуатқа шыққаннан кейін шикі мұнай өндірудің жалпы көлемі жылына шамамен 40 миллион тоннаға жетеді деп күтілуде, бұл Қазақстанға салықтар, роялти және басқа да тікелей қаржылық төлемдер есебінен қосымша пайданы қамтамасыз етеді. ПБР сонымен қатар негізгі өндірістің сенімді жұмысын қолдауға ықпал етеді және Қазақстанның әлемдік энергетикалық нарықтарға ірі жеткізуші ретіндегі ұстанымын нығайтады.
Жоба іске асыру барысында халықаралық компаниялармен әріптестік қатынастар шеңберінде технологиялардың берілуін қамтамасыз етті және Атырау облысында инфрақұрылымды жаңғыртуға көмектесті.
Спикер:
- Өміралин Жандос – «Теңізшевройл» ЖШС деректерді талдау жөніндегі аға инженері
Сіздерді 2 сәуірде сағат 14:00-15:30 аралығында күтеміз!
Өтетін орны: Атырау қаласы, Көрме орталығы, Әбілқайыр хан даңғылы, 79