«ГОРЭЛТЕХ ЗАУЫТЫ» ЖШС – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАРЫЛЫСТАН ҚОРҒАЛҒАН ЖАБДЫҚТЫҢ ЕҢ ІРІ ӨНДІРУШІСІ

«ГОРЭЛТЕХ ЗАУЫТЫ» ЖШС – жарылыстан қорғалған электр жабдықтарының кең ауқымын шығаратын және озық ғылыми-техникалық әзірлемелер жүргізетін, толық өндірістік циклге ие 100% қазақстандық жоғары технологиялық кәсіпорын.

Біздің миссиямыз – Қазақстанның және ТМД елдерінің өнеркәсіптік кешенінің мүдделері үшін «баға – сапа» арақатынасы бойынша оңтайлы жарылыстан қорғалған жабдықтарды әзірлеу. Сондай-ақ сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығару және жарылыстан қорғау саласында жоғары кәсіби стандарттар мен этикалық нормаларды дамыту.



