«ӨСКЕМЕН КОНДЕНСАТОР ЗАУЫТЫ» ЖШС – КОНДЕНСАТОРЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ЕҢ ІРІ ӨНДІРУШІСІ ЖӘНЕ ЭКСПОРТТАУШЫСЫ.

Зауыт барлық типтегі күштік конденсаторларды, өлшеу трансформаторларын, конденсаторлық қондырғыларды, модульдер мен конденсатор батареяларын тұрақты және үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар электр энергиясының сапасын өлшеу арқылы желілер мен қосалқы станцияларды кешенді тексеру, жабдықты таңдау, реттеу, іске қосу және сервистік қызмет көрсету жұмыстарын жүзеге асырады.
Бұдан бөлек, «ӨКЗ» ЖШС шетелдік өндірушілердің Vishay, Ducati, Zez Silko, Iskra конденсаторларының толық баламаларын, сондай-ақ қызметін тоқтатқан Nokian Capacitors (Финляндия), ICAR (Италия) және ABB (Швеция) кәсіпорындарының өнімдерінің аналогтарын өндіреді.
Сондай-ақ біз жоғары қуатты конденсаторларды әзірлеп, өндіреміз. Олар бірнеше төмен қуатты конденсаторлардың орнына бір өнімді қолдануға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде схеманы жеңілдетіп, пайдалану шығындарын азайтады.
Қазақстанның ірі компанияларында аттестациядан өткен: ERG компаниялар тобы, «Казцинк» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және т.б.



«ӨКЗ» ЖШС жаңа әзірлемелері

2025 жылы зауыттың сынақ орталығында кернеуі 1200 кВ дейінгі реттелмелі индуктивтілігі бар жаңа жоғары вольтты резонанстық сынақ жүйесі пайдалануға берілді.

Байланыс:
«Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС
Тел.: +7(7232)29-33-75, 29-33-88
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Сайт: www.ukkz.com


