MWM ШЫҒЫС ЕУРОПА МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ГЕНЕРАЦИЯЛАУ ҮШІН ҚУАТТЫ ГАЗ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫН ҰСЫНАДЫ
Өнімділік. Сенімділік. Үнемділік.
Бүгінгі таңда MWM газ піспекті қондырғылары - шағын энергетика саласындағы ең сенімді қондырғылардың бірі болып саналады. MWM жабдықтары сызығының құрамына табиғи газ, ілеспе мұнай газы, шахта газы, биогаз, қоқыс газы, ағынды су газы және басқалары сияқты әртүрлі газ түрлерінде жұмыс істейтін 400 кВт-тан 4500 кВт-қа дейінгі қуаты бар генераторлық қондырғылар кіреді.
MWM қозғалтқышы энергия ресурстарын дәстүрлі электр энергиясын өндіру технологияларына қарағанда әлдеқайда тиімді пайдаланады: электр және жылу энергиясын бір мезгілде өндіру есебінен жиынтық ПӘК тиімділік 95% жетуі мүмкін. Қозғалтқыштың құрылымдық ерекшеліктері пайдалануда жоғары қол жетімділік пен сенімділікті, сондай-ақ төмен операциялық және қызмет көрсету шығындарын қамтамасыз етеді.
Германияда жасалған.
MWM бас кеңсесі мен өндірісі Мангеймде (Германия) орналасқан. Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің нарығында бренд 20 жылдан астам уақыт бойы ұсынылған. Осы аймақтағы MWM жабдықтарын сатумен және қызмет көрсетумен MWМ Австрия ГмбХ (Алматыдағы кеңсе) Филиалының қолдауымен MWM Austria GmbH бөлімшесі (Австриядағы кеңсе) айналысады. Осы уақыт ішінде жиынтық қуаты 2 ГВт-тан асатын 1.200-ден астам газ піспекті қондырғылар іске асырылды.
Сіздерді MWM-дің 150 жылдық тарихы туралы бейнені көруге шақырамыз: компанияның негізін қалаушы Карл Бенцтен бүгінгі күнге дейін.
Біздің команда сізді көрменің жұмыс уақытында MWM стендінде асыға күтеді немесе сізге ыңғайлы уақытта кездесу ұйымдастыруға дайын.
Бізді желіде бақылаңыз: