22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79
22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79

«АРТВИК ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» ЖШҚ

Artvic logo

Artvik компаниясы метрологиялық қамтамасыз ету жүйелерін, бақылау-өлшеу және аналитикалық жабдықтарды әртүрлі өнеркәсіп салаларына жеткізуді және инжинирнгті жүзеге асырады, мысалы:

• мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және өңдеу
• мұнай-химия және химиялық өндіріс, фармацевтика;
• тау-кен металлургия өнеркәсібі;
• энергетика, машина жасау
және басқалары. Біздің тұрақты тапсырыс берушілерімізге стандарттау және сертификаттау органдары, сондай-ақ сервистік компаниялар да жатады.

Artvik компаниясының бөлімшелері АҚШ, Финляндия, Қазақстан және Украинада орналасқан. Сондай-ақ, Қазақстанда компанияның Орталық Азиядағы Өкілдігі, ал оның филиалы - Өзбекстанда орналасқан. ТМД елдерінің аумағында дистрибьюторлар желісі, сондай-ақ Аrtvik-тің инжинирингтік және сервистік серіктестері жұмыс істейді.

30 жыл ішінде компания 135 стандарттау және метрология орталықтарын қоса алғанда, 1500-ден астам соңғы пайдаланушыларға 16000-нан астам бірлік жабдықты жеткізді.

Өнім ауқымына мыналар кіреді:

• түтін газдарының, газдардың ылғалдылығының, сондай-ақ газдардағы сутектің және құрамында күкірт бар қосылыстардың өнеркәсіптік анализаторлары;
• қысымды, деңгейді және шығынды өлшеу құралдары;
• қысым, температура және электр сигналдарының калибраторлары;
• әртүрлі аппаратураларды жөндеуге, сынауға, баптауға және калибрлеуге арналған әмбебап метрологиялық стендтер.

Жабдық өлшеу құралдарының түрін бекітуге сертификатталған, ал жарылыстан қорғалған және ұшқынқауіпсіз аспаптар КО ТР сәйкестік сертификаттарымен қамтамасыз етілген.

Artvik компаниясы аналитикалық, бақылау-өлшеу және калибрлеу жабдықтарын шығаратын АҚШ пен Батыс Еуропаның жетекші компанияларын ұсынады: AMETEK Process Instruments, AMETEK Sensors, Test & Calibration, AMETEK Level Measurement Solutions (включая Magnetrol және Drexelbrook), Beamex, H2scan және hera Laborsysteme, сондай-ақ Pulsar Measurement.

Artvic 1