22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79
22-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79

ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ АСТАНАСЫНДА «ATYRAU OIL&GAS» ЖӘНЕ «ATYRAUBUILD» КӨРМЕЛЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

БҮГІН, 3 СӘУІР КҮНІ АТЫРАУДА 21-ШІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «ATYRAU OIL&GAS» КӨРМЕСІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР, ОСЫ КҮНДЕРІ ҚАТАРЛАС СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ «ATYRAUBUILD» ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ ӨТУДЕ.

Көрме  аймақ басшылары мен ірі мұнай-газ компаниялары өкілдері іспетті құрметті қонақтардың эскпозицияны тамашалауымен ашылды. Экспоненттердің стендтерімен Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, «Теңізшевройл» бас директорының орынбасары Конилкош Суесинов, «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ Бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдин, NCOC Басқарушы директоры Джанкарло Рую танысты.

1stday photo 01

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтың айтуынша, жыл сайын көрмеге қатысушылардың саны артып, қатысушы елдердің географиясы да кеңейіп келеді. «Atyrau Oil & Gas көрмесі» жиырма бірінші рет өтуде. Дәстүр бойынша, біздің қалада әртүрлі елдердің барлық ірі мұнай-газ компаниялары жиналып, өз өндірістерін таныстырып, атқаратын қызметі туралы айтып, жаңа кәсіби байланыстар құрады. Бұл алаң өзінің тиімділігін дәлелдеді, әр жолы оның қатысушылары іскери серіктестер табады, келісімшарттар жасап, жаңа жұмыс орындары құрылады. Жыл сайын қатысушылар саны артып, сала өз дамуында жаңа серпін алады деп үміттенеміз», - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.   

Photo 3

Көрме алаңы көптеген жылдар бойы мемлекет өкілдері мен нарықтың ірі ойыншылары үшін негізгі коммуникациялық платформа, мұнай және газ өндіру саласында, мұнай-газ жабдықтарын өндіру және инфрақұрылымды дамыту саласында жаңа әріптестік жобаларды іздеу орны болып саналады.

Photo 1

Atyrau Oil&Gas» экспозициясында өз стендтерін ірі мұнай-газ өндіруші компаниялар, мұнай мен газды барлау және өндіру жөніндегі компаниялар, мұнай сервистік компаниялар, мұнай-газ жабдықтарын, жеке және өнеркәсіптік қорғау құралдарын, автоматтандыру және бақылау-өлшеу аспаптарының өндірушілері ұсынды.

2024 жылдың қатысушылары Австрия, Әзірбайжан, Германия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Финляндиядан келген 102 компания болды. Көрме аясында Пермь өлкесінің экспортын қолдау орталығы мен Удмурт Республикасының даму корпорациясы өздерін ұжымдық экспозициялар арқылы таныстырады.

Көрменің жыл сайынғы маңыздылығын біз дебютант компаниялардың өсуінен көре аламыз. Биыл 30-дан астам компания дебютант болды, бұл қатысушылардың жалпы санының 40% құрайды.

«Atyrau Oil&Gas» көрмесіне алғаш рет «Баку кеме жасайтын зауыты» ЖШҚ қатысты. Кәсіпорын 26 жыл бойы жүк, жолаушылар кемелері мен танкерлер салумен айналысады. Компания Қазақстанда серіктестер табуға ниетті.

«Біз Баку кеме жасайтын зауытты таныстырамыз. Біз бұл көрмеге алғаш рет қатысып отырмыз, көрші елдермен серіктестікке үміттенеміз. Геосаяси жағдайдағы өзгерістерге байланысты біз бұл көрмеге қатысуды маңызды деп санадық, өйткені жүктерді су көлігімен тасымалдауға сұраныс бар. Көршілерімізге кеме жасау бойынша қызмет көрсеткіміз келеді. Бізде Қазақстанмен ынтымақтастық тәжірибеміз бар, жергілікті компания үшін үш кеме салдық. Осы көрменің арқасында бизнесімізді кеңейтеміз деп үміттенеміз», - деді «Баку кеме жасайтын зауыты» ЖШҚ жобаларды басқару департаментінің менеджері Фуад Мадатов.

Photo 2

Жыл сайынғы қатысушылардың қатарында Теңізшевройл, Каспий Құбыр Консорциумы, Ембімұнайгаз, Aksa Jenaratör A.Ş., Borkit Safety, ЛинкМастер Қазақстан, «ЮМАС» Ғылыми-өндірістік бірлестік және басқа компаниялар.

Көрмеге келушілер ұйымдастырушы ұйымның жоғары деңгейін және қатысушы компаниялардың географиясының ауқымын бағалады. Іскерлік байланыс орнату үшін көптеген келуші қонақтар басқа қалалардан, тіпті елдерден келді.

 «Мен көрмеге Санкт-Петербургтен келдім, біздің компания 20 жылдан астам оқшаулағыш материалдарды өндірумен және жеткізумен айналысады. Біз компаниямызды кеңейтуді, Қазақстанда өкілдіктер ашуды жоспарлап отырмыз. Теміртау қаласында бір филиал аштық. Егер серіктестер бізді қолдаса, Қазақстанның батысында да филиал ашуға болады және Атырауда да өндіріс ашуға тырысамыз. Қазақстан біз үшін тартымды алаң болып табылады, мұнда жұмыс істеу өте қызықты. Мұнай-газ саласы - бұл біздің қызықты бағыттарымыздың бірі», - деді Санкт-Петербург қаласындағы «Корда» компаниясы бас директорының орынбасары Дмитрий Гончаров.

1stday photo 06

            

Дәстүр бойынша, іскерлік бағдарлама аясында компаниялар саланың ең өзекті мәселелерін жариялайды, атап өтсек: технологиялық жаңалықтарды таныстырып, негізгі операторлар әлеуетті мердігерлермен жұмыс істеу бойынша маңызды мәселелерді және сатып алу жоспарларымен бөлісіп жатыр.

Көрменің контенттік бөлігі Теңізшевройл, «ЭнергоИнновация» энергетикадағы инновациялық кәсіпорындар қауымдастығы, AKSA және т.б. сияқты компаниялардың оқыту семинарларынан тұрды.

Айта кетсек, «Atyrau Oil&Gas» – Қазақстан Республикасы индустриясының аймақтық іс-шарасы. Бұл Атырау облысында, мұнай-газ саласы мен тұтастай ел экономикасы ауқымында түйінді және стратегиялық маңызды аймқты теңдесі жоқ іс-шара. Бірінші күннің қорытындысы: көрмеге 1 093 сала маманы келді, сондай-ақ 25-тен астам B2B кездесулер өтті.  

«Atyrau Oil&Gas» көрмесінің бас серіктесі – Теңізшевройл компаниясы. Іс-шараның Алтын серіктестері – Каспий Құбыр Консорциумы, Ембімұнайгаз. Күміс серіктесі – Dereknet.

1stday photo 12

 

Іс-шараларға Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Атырау облысының әкімдігі, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, KAZSERVICE сервистік компаниялар одағы, PETROCOUNCIL.KZ – мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңес, Қазақстан мұнайшы-геологтар қауымдастығы (КОНГ), «Атамекен»  Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы ресми қолдау көрсетеді.

Көрменің ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.

21-ші Солтүстік Каспий аймақтық «Atyrau Oil&Gas» көрмесі және Солтүстік Каспий аймақтық «AtyrauBuild» құрылыс және интерьер көрмесінің жұмысы 5 сәуірге дейін жалғасады. 

Көрменің өткізілетін орыны: Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 79 мекенжайында орналасқан Көрме орталығы.

www.oil-gas.kz

www.atyraubuild.kz